USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде әлеуметтік дүңгіршектер ашылады

Өскеменде әлеуметтік дүңгіршектер ашыладыӨскеменде азық-түлікті арнайы арзан бағамен сататын әлеуметтік дүңгіршектер ашылатын болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылып жатқан дүңгіршектердің саны 33 болады деп жоспарланып отыр.
Алдағы күндері қала көшелеріне әзірге 8 дүңгіршек орнатылмақ. Олар сарғыш-жасыл түспен ерекшеленіп тұрады. Сауда нүктелерінде тұрақтандыру қоры мен «Дина» базарының өнімдері еш делдалсыз және үстеме бағасыз сатылады деп күтілуде.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, Өскеменде азық-түлік бағасының көтері-луіне жол берілмек емес. Қалалық әкімдік пен өндірушілер арасында меморандум бекітілген. Әлеуметтік сауда нүктелерінде нан – 45, сүт – 155 теңге болып қала береді. Нан биыл қымбаттамайды, себебі, егін мол, бидай бағасы арзан.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде