USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО әкімшілік полициясы екі ауданның тұрғындарына қызмет көрсетті

ШҚО әкімшілік полициясы екі ауданның тұрғындарына қызмет көрсеттіЖұртшылықтың алдында құқық қорғау органдары мен өзге мемлекеттік құрылымдардың беделін көтеру мақсатында ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Акцияға қатысушылар «Өскемен – Қ.Қайсенов кенті – Қалбатау » бағдары бойынша микроавтобуспен Ұлан және Жарма аудандарына жолға шықты. «Жолда қабылдау» мобильді топтарын Әкімшілік полициясы басқармасының және «Нұр Отан» ХДП басшылары басқарды.

Осы шараға «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің 27 өкілі, 38 ІІО ардагері және бұқаралық ақпарат құралдарының 30 өкілі қатысты.
Акцияны өткізу барысында әкімшілік полициясының кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды, онда мамандар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Шара барысында әкімшілік полициясы қызметкерлері заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан 878 респондентке парақшалар мен жадынамалар ұсынылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде