USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемендегі 28-шағын ауданның тұрғындарына арналған бос орындар жәрмеңкесі

Өскемендегі 28-шағын ауданның тұрғындарына арналған бос орындар жәрмеңкесіӨскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 28-тұрғын ауданының тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың әр түрлі саласындағы 38 кәсіпорын шақырылған болатын. «Озеленитель» ЖШС, «Өскемен Тәртіп» ШЖҚ КМК, «Айтас МП» ЖШС, «Екі дос» ЖШС, «Әділ» АҚ, «Ақсу дэен» ЖШС сияқты кәсіпорындар, барлығы 25 мекеме шақыртуды құп алып, 158 бос орын ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 400-ден астам адам келді, олардың 302-і жұмысқа жолдама алды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 22, жастар іс-тәжірибесіне – 18, кәсіптік дайындауға және қайта даярлауға – 12, қоғамдық жұмыстарға – 25 жолдама берілді.

Одан басқа, 140-тан астам тұрғын мамандардан ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «18 жасқа дейінгі балалары бар от-басыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдары, еңбек заңнамасы, «Жұмыс-пен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ түйіндеме құрау бойынша кеңес алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде