...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Кәмелетке толмағандар қылмысы азайып келеді

Кәмелетке толмағандар қылмысы азайып келедіЗырян қаласында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және балалардың бақылаусыз қалуының алдын алу бойынша жұмыс тиімділігін арттыру» атты облыстық семинар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен Зырян аудандық білім бөлімі бірлесіп өткізген шарада аталған ауданның осы бағыттағы жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Шараға әдіскерлер, Зырян, Ұлан, Глубокое және Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысып, еріктілердің «тәуекел» тобына жататын балалармен жұмыс істеу әдісімен танысу арқылы қиындыққа тап болған балалардың жағдайларын жақсарту бойынша бес секцияда жұмыс істеді.

Негізінен, Зырян ауданында кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын қылмыстар біршама азайғандығы байқалады. Ол аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқанының бір дәлелі болса керек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде