USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шығыс Қазақстанда жауапсыз мердігерлерден 795 млн. теңге бюджетке қайтарылды

Шығыс Қазақстанда  жауапсыз мердігерлерден  795 млн. теңге бюджетке қайтарылдыШығыс Қазақстанда екі жылдың ішінде жауапсыз мердігерлерден 795 млн. теңге бюджетке қайтарылды деп мәлімдеді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Төленбергенов облыстық ақпарат орталығында өткен брифингте, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқарма басшысының айтысына қарағанда, бұл бағыттағы жұмыстар ешқашан бәсеңсімейді. Барлық түйткілді нысандар құрылыс басқармасының да, жергілікті биліктің де жіті назарында екен. Олардың аяқсыз қалуына жол берілмейді.

Мысалы, «Құмаров и К» ЖШС-нің жылдар бойы атқарған қызметіне талдау жасалыпты. Бұл мердігер соңғы кезде алған нысандардың көбін мерзімінде қолданысқа бермегенімен қоймай, қаржыны негізді игермеген. Сондықтан ісі сотқа беріліп, серіктестік басшысы қазір қамауға алынған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: игерілмеген қаржы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде