USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Астанада 27 адамның омырауына «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағылды

Астанада 27 адамның омырауына «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағылдыҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайында «Тіл жанашыры-2013» марапаттау рәсімі өтті. Мұражайдың күмбезді залында өткен салтанатты рәсімде 27 адамның омырауына «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Назарбаев орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

«Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің бұл наградасы қазақ тілінің өркендеуіне атсалысып келе жатқан азаматтарды ынталандыруды көздейді.

Астанада 27 адамның омырауына «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағылды«Тіл жанашыры» құрмет белгісі алғаш рет қазақ тілін зерттеп жүрген шетелдік ғалымдарға берілген еді. Олардың қатарында Түркия профессоры Әбдуахаб Қара, Еуропа қыпшақтары қауымдастығының президенті Вад Ласло, Оңтүстік Кореяның Ханкук университетінің профессоры Йун Си Нэ, Мюнхен университетінің профессоры Қайум Кесижи, Индиана университетінің профессоры Уильям Фиерман болды.

Астанада 27 адамның омырауына «Тіл жанашыры» құрмет белгісі тағылдыБиылғы жылы облыс әкімшіліктері, қоғамдық ұйымдар мен мекемелері осы белгімен марапаттауға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта адамның кандидатурасын ұсынды. Олардың қатарында республиканың әр аймағында тұратын және түрлі салаларда еңбектеніп, өздерінің күнделікті өмірінде мемлекеттік тілді насихаттауға ерекше мән беретін ғалымдар мен ұстаздар, қаламгерлер мен кәсіпкерлер, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әртүрлі ұлттардың өкілдері бар.

Марапаттау кезінде құрмет белгісіне ие болған азаматтардың мемлекеттік тілді өркендетуге сіңірген еңбегі туралы толық мәлімет беріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Жиын соңында «Тіл жанашыры-2013» марапатталушыларының атынан ақын Надежда Лушникова ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, жүректен шыққан тілегі мен жыр жолдарын арнады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде