USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейде дін саласын реттейтін заңнамалар түсіндірілді

Семейде  дін саласын реттейтін заңнамалар түсіндірілдіСемей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев, Тыныбай мешітінің имамы Біржан қажы Аманжолұлы және Воскресенск соборының дьяконы Дмитрий Нектеровтан құралған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ мүшелері «Семей - Водоконал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен №5 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаты ұжымдарымен кездесіп, қоғамдағы дінаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.

Семейде  дін саласын реттейтін заңнамалар түсіндірілдіКүн тәртібінде азаматтардық діни сауаттылығын арттыру, дін саласын реттейтін заңнамаларды түсіндіру мәселелері тұрды.

Тыңдаушыларға негізгі ақпараттар ұсынылғаннан кейін, кездесу сұрақ-жауап түрінде жалғасын тауып, жиналғандар өздерін мазалайтын мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: дін мәселелері
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде