USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейліктер өздеріне ғаламтор арқылы қызмет көрсетуді үйренді

Семейліктер өздеріне  ғаламтор арқылы қызмет көрсетуді үйрендіСемейдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындардың өз-өзіне қызмет жасау секторлары ашылды. Мұнда адамдар сандық-электрондық жүйе арқылы қажетті ақпараттарды алу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ең тиімдісі сол, олар бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы орындай алады.

№1 ХҚО бөлімінің бастығы Гүлнәр Идришеваның айтуынша, соңғы екі айда олардың арнайы секторларында 400-ге жуық кеңес берілген. Семейліктерге 200-дей электрондық қызмет үлгісі көрсетіліп, 250-дей сандық-электрондық жүйе арқылы өз-өзіне қызмет жасау үлгісі үйретілген.

Нәтижесінде жұрттың басым көпшілігін жылжымайтын мүлік, тіркеуге тұру, зейнетақылық аударым жөнінде ақпараттар алу бойынша сұрақтар жиі мазалайтыны анықталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде