USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тарбағатай ауданында ашылған бизнес орталық

Тарбағатай ауданында ашылған бизнес орталықТарбағатай ауданының шалғай ауылдарында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға түрлі қызмет көрсететін орталық ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орталықтың негізгі мақсаты – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие алып, өз кәсібін бастаушыларға, сондай-ақ, бұрынғы бизнесін кеңейтушілерге қызмет көрсету. Көмек сұрап
келгендерге арнайы мамандар бизнес жоспар құруға, сметалық құжаттарын жасауға жәрдемдесіп, есепшілік және салық есептерін, заң актілерін оқытып, құқықтық кеңестер береді.

Ауданда ашылып отырған алғашқы орталық кәсіппен айналысатын тұрғындарға үлкен көмек болғаны рас.
Алдағы жылдары Ақжар ауылында да дәл осындай орталық ашу жоспарда бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде