USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөзде 52 шағын және орта кәсіпкерлік нысан өз жұмыстарын тоқтатқан

Аягөзде 52 шағын және орта кәсіпкерлік нысан өз  жұмыстарын тоқтатқанАягөз ауданында тіркелген 52 шағын және орта кәсіпкерлік нысан өз жұмыстарын тоқтатқан. Аталмыш аудан әкімі Н.Нұрғалиев журналистермен өткен брифингте оның себебін кедендік одақтың құрылуымен байланыстырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Жұмыс істемей тұрған бұл 52 нысанның көпшілігі негізінен алып-сату саласында тіркелген. Кедендік одақтың құрылуына байланысты кәсіпкерлердің көп қиындықтармен бетпе-бет келіп отырғаны да шындық. Осы орайда облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылғаны белгілі. Орталықтың мамандары мобильді автобуспен аудандарға да шығып жүр. Жаңағы 52 субъектінің 20-сына жуығы осы орталықтан көмек алды. Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасатын болады, - дейді аудан басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кедендік одақ
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде