USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ең үздік әскери қалашық Аягөзде болады

Ең үздік әскери қалашық Аягөзде боладыАягөз қаласындағы әскери қалашық қайта жанданады. 2015 жылға қарай қалашықта қаңырап тұрған бос үйлердің бәрі қайта жөнделіп, пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Аягөз ауданының әкімі Н.Нұрғалиев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әкім айтқандай, бұл қалашық Қорғаныс министрлігіне қарағанымен, барлық инфрақұрылымы Аягөз қаласымен тығыз байланысты екен. Қазір мұнда бес үй қаңырап бос тұр. Алайда 2015 жылға қарай ол үйлердің бәрі қайта жөнделіп, пайдалануға берілмек. Биыл екі үй жөнделсе, келесі жылы тағы да екі үй қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.

Сонда 2015 жылға қарай барлығы 315 пәтер қолданысқа енгізіледі. Қазіргі күні қалашықта 220 балаға арналған жалпы білім беретін мектеп бар.

"Мұнымен қатар әскери қалашықта Қорғаныс министрлігінің мәдени ойын-сауық орталығын салу туралы да жоспары бар. Осыдан 3 жыл бұрын бұл ауданда үлкен спорт кешені бой көтерген болатын. Қорғаныс министрлігінің болжамы бойынша 2015 жылға қарай бұл еліміздегі ең үздік әскери қалашықтың қатарына қосылуы тиіс" деді Н.Нұрғалиев баспасөз мәслихатында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: брифинг
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде