USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жолда қабылдау» акциясы Шығыс Қазақстанда өтеді

«Жолда қабылдау» акциясы Шығыс Қазақстанда өтеді8-қарашада Шығыс Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып «Өскемен-Қайсенов-Қалбатау» бағдары бойынша «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Делегация мүшелері 10-12 сағат аралығында Қ.Қайсенов кентінде, 15-17 сағат аралығында Қалбатау кентінде жұмыс істейді.

Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ тұрғындарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетілмек.

Әкімшілік полициясы басқармасының, «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан филиалы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшыларының азаматтарды қабылдауы жоспарланып отыр.

Акция барысында әкімшілік полициясы қызметкерлері азаматтар арасында заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері жөнінде сауалнама жүргізеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол қауіпсіздігі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде