USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөзде 4 жасттағы бүлдіршін көлік астына түсті

Аягөзде 4 жасттағы бүлдіршін көлік астына түстіАягөз қаласында анасы такси жүргізушісімен есеп айырысып жатқанда қараусыз қалған 4 жастағы бүлдіршін басқа көліктің астына түсіп қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.

Бақытсыз оқиға таңертеңгі сағат 8 шамасында тіркелген. Үлкендердің қарауынсыз қалған қыз бала Көшкімбаев көшесіне жүгіріп шыға келген. Сол кезде бөбекті ВАЗ-21213 көлігі қағып кетеді. Ал анасы бұл уақытта осы жерге жеткен ткасидің ақшасын төлеп жатыпты. Бүлдіршін жарақаттанған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол апаты
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде