...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейде тағы бір балабақша пайдалануға берілді

Семейде тағы бір балабақша пайдалануға берілдіСемей қаласында «Бақыт» жеке меншік балабақшасы пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына облыс басшысы Б.Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі балабақша ғимаратын аралап көріп, бүлдіршіндер даярлаған шағын мерекелік кештің куәсі болды. Мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбие беруді мақсат еткен балабақшада қазақ тілі мен ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту, балалардың шығармашылық қабі-летін дамыту, денешынықтыру сынды оқу-тәрбие бағдарламалары бар.

Семейде тағы бір балабақша пайдалануға берілдіӘубәкіровтер отбасы салған балабақшада 6 топ жұмыс істейді. 150 бала қамтылатын 6 топтың жартысында тәлім-тәрбие мемлекеттік тілде, жартысында орыс тілінде беріледі. Жаңа оқу жылында бүлдіршін-дерге ерекше тарту болған балабақша ғимараты жас ерекшеліктері әртүрлі төрт топтағы балаларға арналған.

Семейде тағы бір балабақша пайдалануға берілдіМектепке дейінгі мекемеде 100 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бар. Бір балаға айына 8300 теңге төленеді. Жеке меншік нысанның жұмыс кестесі таңғы 7.45-тен кешкі 19.00-ге дейін құрылған. Мұнда бүлдіршіндерге дәрумені мол төрт уақыт тамақтану жүйесі жолға қойылған. Сондай-ақ, дәрігер-педиатр, диеталық медбике бала денсаулығын үнемі қадағалап отыруы мақсатында медициналық қызмет көрсетіледі. Балалармен логопед-психолог, би маманы, музыка жетекшісі жұмыс істейді.

– Біздің педагогикалық ұжымымыз 20 мұғаліммен, оның ішінде 11 жоғары білімді, 9 арнаулы орта білімді ұстаздармен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 3 пен 5 жас аралығындағы балалардың психологиялық және физиологиялық денсаулығын нығайтуды, жеке қабілеттерін дамытуды көздейміз, – деді балабақша директоры Тұрсынғайша Әубәкірова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Асем
    Сәлеметсіздер ме! Сіздердің мекемелеріңізге маман қажет емес пе? Қажет болса, қандай мамандар керек?
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде