USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Үржарда барымташылар қолға түсті

Үржарда барымташылар қолға түстіҮржар аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлеріне шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан белгісіз азаматтардың малын ұрлап жүргендері жөнінде шағым келіп түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Кәсіпкердің айтуы бойынша, қазан айынын басында жайылымнан екі жастағы 1 биесі жоғалған. Қожайын өз күшімен жоғалған малды іздеп жүрген уақытта, қазан айының бесі мен алтысы аралығында белгісіз тұлғалар учаскеден тағы 3 бас жылқыны айдап әкеткен. 20-қазан күні ұрылар үйдің жанында орналасқан қашадан тағы 3 бас ұсақ мал ұрлап әкетеді. Ұсақ малға қанағаттанбаған суық қолдылар бір аптадан кейін қайта оралып, тағы бір бас жылқыны алып кетеді. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 860 000 теңгені құрады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, кинолог және ізші ит келіп жетті. Мал ұрлаушылардың ізіне түскен ит олардың кеткен бағытын нұсқады. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып істейтін, бұрын сотталмаған 46 жастағы А. есімді азамат пен 28 жастағы, ешқайда жұмыс істемейтін Б. ұсталды. Соңғысының арызданушының ауылдасы екені анықталды.

Анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабы, 2-бөлімінің «А» тармағы бойынша қылымыстық іс қозгалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: барымташылар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде