USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстан Қытайға мыс өнімдерін экспортқа шығармақ

Қазақстан Қытайға мыс өнімдерін экспортқа шығармақКелесі жылы Ақтоғайда еліміздегі ең ірі мыс кеніші ашылмақ. Мамандардың болжамына қарағанда, аталмыш кен орынында шамамен 5 млн тонна таза мыс қоры сақталған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Мұнда ТМД елдерінде бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технология өндіріске енгізіледі. Қондырғылардың көлемі өте үлкен, ондай тіпті әлемде жоқ деуге болады. Тас үгітетін алып диірмендер өте қуатты, - дейді Ақтоғай кен орынын игеретін компанияның директоры Александр Ли.

Кеніште тау жынысын ашық әдіспен өндіреді. Қазір жазық далада үш мың адамға арналған вахталық кент тұрғызылуда. Түркия мен еліміздің мердігер компаниялары болашақ фабриканың іргетасын қалай бастады.

Өндірілген және өңделген мыстың басым бөлігі кеніштен 250 шақырым қашықтықта орналасқан Қытай еліне экспортқа шығарылмақ.

Құрылыс жұмыстары толығымен 2015 жылы аяқталады. Ал карьерлік кен орынын игеру шамамен елу жылдың ар жақ бер жағына созылады деген болжам бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мыс кеніші Ақтоғай
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде