USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде өрттен 17 адам құтқарылды

Өскеменде  өрттен 17 адам құтқарылдыӨскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде шыққан өрт кезінде 17 адам құтқарылып, 10 тұрғын басқа жаққа көшірілді. Ішінде үш бала бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде жылу жүйесінің құбыры отқа оранған. Барлығы 8 шаршы метр аумақ жалын құшағында қалған. Соның салдарынан ғимараттың тұрғындарын басқа жаққа көшіруге тура келді.

Құтқарушылардың көмегімен 3 бала, 14 ересек адам тілсіз жаудың құрсауынан босатылып, тағы 10 тұрғынды басқа жаққа көшірілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: адамдарды құтқару
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде