USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Полигонда өндірілген өнімдер радиацияға тексеріледі

Полигонда өндірілген өнімдер радиацияға тексеріледіКурчатовтағы Ұлттық ядролық орталығы бұрынғы полигон аумағында ферма ашып қойыпты. Аталмыш фермада құс пен мал өсірілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Орталықтың бас директоры Эрлан Батырбековтың түсіндіруінше, бұл – арнайы тәжірибе алаңы. Бие, сиыр сүті, еті мен құс жұмыртқаларының барлығы да радиацияға тексеріледі. Оларға полигонда тікелей өсіріліп алынған жем-шөптер азық ретінде беріледі.

– Жеті жыл бойы бүге-шігесіне дейін тексеріп, бақылап отырмыз, – дейді ҰЯО-ның еншілес кәсіпорны-радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры С.Лукашенко. – Аталған мал, құс өнімдерінде радионуклид мөлшері қауіпті деңгейден анағұрлым аз. Бізде 50-ге тарта тауығымыз да бар. Олардың әрқайсысы күніне бір жұмыртқа табады. Жұмыртқалар барлығы тіркеліп, зерттеуге жіберіледі. Қазір олардан да төніп тұрған қауіп жоқ. Ферма Курчатовтан 60 шақырымда, айдалада орналасқандықтан, ол жерге электр қуаты мен суды жеткізу жағы біраз қиындық туғызып тұр, – дейді ол.


Раушан Нұғманбекова Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: бұрынғы полигон Семей
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде