USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бесқарағайда омарташыны да, орманшыны да даярлайтын колледж бар

Бесқарағайда омарташыны да, орманшыны да даярлайтын колледж барБесқарағай колледжінде өткен жылдан бастап омарташылар бөлімі ашылып, 25 шәкірт қабылдаған болатын. Биыл мұнда мал дәрігерлік және орман шаруашылығына қатысты бөлімдер ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әсіресе, орман шеберін даярлау аталған аудан үшін өте қажет. Өйткені, «Семей орманы» резерватына қарасты алты орман шаруашылығының бесеуі осы Бесқарағай ауданының аумағында. Сондай-ақ, колледжде алдағы уақытта зоотехника және агрономия бөлімдері де ашылмақ. Мұның сыртында колледждің аудандық жұмыспен қамту бөлімінің тапсырысымен тракторшы, аспаз, сатушы, көлік жүргізушісі сияқты түрлі мамандық иелерін қайта дайындықтан өткізумен шұғылданатыны тағы бар.

Қазір мұнда 160-тан астам оқушы білім алып жатса, оларға 30-дан астам оқытушы тиянақты білім, ұлағатты тәрбие беруде. Колледж директоры Қизат Қайырханов – ауданға сыйлы азамат. Оның қатарынан екі мәрте аудандық мәслихатқа депутат болып сайланғаны да көп нәрсені аңғартса керек. Оған қоса Қизекең – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері». Ол биыл білім саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің марапатына ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: орманшылар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде