USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қойдың етін Иранға сатуды Аягөз ауданы жоспарлап отыр

Қойдың етін Иранға сатуды Аягөз ауданы жоспарлап отырАягөз ауданында қойдың етін Иранға шығару жоспарланып отыр. Ол үшін әскери әуежайды пайдалану көзделген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Иранның қажеттілігі 4,5 мың басқа жетеді, – деді Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев баспасөз мәслихатында. – Аягөзде ет өнімдерін сатуда проблемалар бар. Сол себепті мал жайылымына берілген 4 миллион гектар жердің тек 32 пайызы ғана пайдаланылады.

Аудан басшысының айтысына қарағанда, ирандықтар аудандағы етті толығымен сатып алуға дайын, өйткені қазақстандық еттің дәмі олар қазір жеп жүрген австралиялық еттен әлдеқайда жақсы екен.

- Алайда біз әзірге етті шетелге сатуға толық дайын емеспіз, – деп атап өтті Нұрғалиев мырза. –халықаралық стандартқа сай «халал» мал сою цехтарын әзірлеу керек, сонымен қатар бағаны да реттеу қажет.

Ал әскери әуежайды пайдалану мәселесіне орай аудан әкімі бүгінгі таңда облыс басшысы Б.Сапарбаевтың атынан Қорғаныс министрлігіне өтініш жіберілгенін айтты.

- Белгілі құқықтық мезеттер болғанымен жалпы алғанда сұрақ оңды шешілуге тиіс, – деп толықтырды Н.Нұрғалиев.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде