USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жалған құжатпен несие алмақ болған 25 жастағы жігіт Өскеменде ұсталды

Жалған құжатпен несие алмақ болған 25 жастағы жігіт Өскеменде ұсталдыӨскемен қаласында Каспи Банктен жалған құжатпен несие алмақ болған 25 жастағы жігіттің үстінен қылмысты іс қозғалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

4-қарашада «102» желісіне Каспи Банктің менеджерінен шағым келіп түскен. Банк қызметкері Тәуелсіздік даңғылы, 42 үйде орналасқан банктің филиалында белгісіз жігіттің жалған құжатпен 200 мың теңге несие алмақ болғанын хабарлаған.

Қазір облыс орталығындағы Амур көшесінде тұратын, еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған, 1988 жылы туған күдікті қолға түсті. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 177-бабы 1-тармағы бойынша қылмысты іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде