USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Риддерде 34 жастағы ер адамды көршілері өрттен құтқарды

Риддерде 34 жастағы ер адамды көршілері өрттен құтқардыРиддер қаласында жеке меншік үйде шыққан өрттен 34 жастағы ер адамды көршілері құтқарып қалды. Денесінің 60 пайызын өрт шалған, жоғары тыныс жолдары күйген зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз ақпаратына сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде үйдің ағаш құрандылары, қабырғалары мен жиһаздары, барлығы 80 шаршы метр аумақ от құшағына оранған. Құтқарушылар жеткенше 1979 жылы туған үй иесін көршілері қызыл жалынның ортасынан алып шықты. Зардап шегушінің басы, арқасы, екі аяғы, денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Үй иесінің қатты мас екені анықталған. Күйген адам ауыр халде Риддер қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазір өрттің шығу себептері тексерілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: өрт Риддер
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде