USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Риддерде жарылғыш зат туралы жалған дабыл қаққан екі жасөспірім әшкереленді

Риддерде жарылғыш зат туралы жалған дабыл қаққан екі жасөспірім әшкерелендіРиддер қаласында мектептің спорт залына жарылғыш зат қойылды деп жалған дабыл қаққан екі жасөспірім әшкереленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Риддер қалалық ішкі істер бөлімінің «102» арнасына жергілікті мектептердің бірінен оқу орнына жарылғыш заттың қойылғаны жайлы хабар алғандары туралы дабыл түскен. Белгісіз біреулер бомбаның спорт залына қойылғанын жеткізген.

Дабыл қағыла сала білім ғимаратына шұғыл қимылдау қызметтерінің мамандары жетті. Жұмылдырылған күштердің арқасында оқушылар мен мұғалімдер, сонымен қоса маңайда орналасқан ғимараттардың тұрғындары көшірілді.

Жан-жақты жүргізілген тексеру кезінде жарылғыш заттар табылған жоқ.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған дабыл қаққан осы мектептің екі жасөспірімі әшкереленді.

Терроризм жайлы қасақана жалған ақпарат таратқан факті бойынша қылмысты іс қозғалды. Қазір мектеп оқушыларының осы қылмысқа баруларының себеп-салдарлары анықталып жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: терроризм мектеп
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде