USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскеменде «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылды

Өскеменде «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылдыӨскемен қаласында ТЖМ-нің кәсіби апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының суда төтенше жағдайлар орын алған кездегі іс-әрекеттерін ұштау мақсатында дәстүрлі «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік Әнұранның әуенінің астында жарыстың туын көтеру құрметі 2011,2012 жылдардағы жеңімпаз команда – Шығыс Қазақстанның командасына бұйырды. Сайыстардың ашылу салтанатына құрметті қонақтар, жергілікті атқарушы органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Өскеменде «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылды
Өскеменде «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылды
Өскеменде «Нептун-2013» республикалық оқу-әдістемелік жиыны салтанатты түрде ашылды

Биылғы жарыстарға ҚР ТЖМ мен басқа облыстардың 18 командасы қатысады.

- Спорт жарыстары үш күн өтеді. Жарыс бағдарламасында қатысушылардың жалпы дайындықтары, белгіленген аумақта зардап шегушіні іздеу, буксирге алу және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, түк көрінбейтін және нашар естілетін жағдайларда орын алмастыру дағдысы, бағалы жүкті іздеу сияқты сайыс түрлері бар, деп түсіндірді жарыстардың Бас төрешісі Олег Румянцев.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде