USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналды

Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналдыШемонайха аудандық мәдениет үйінде көрнекті қазақ жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай «Оралхан Бөкейдің шығармаларына шолу» атты танымдық кеш өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бағдарламаны ұйымдастырушылар балаларға Оралхан Бөкейдің өмірі жолы мен шығармашылығы тұрғысында қызықты әңгімелеп берді. Жазушының шығармаларының басты тақырыбы - Отанға деген махаббат, анаға, әйелге деген құрмет екені көрнекті түрде түсіндірілді.

Жиналғандарға Оралхан өлеңдеріне түсірілген бейнебаян, «Құлын» пьесасынан үзінді көрсетілді.

Кеш соңында балалар Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық ойынға қатысып, алған білімдерін тексерді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде