USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей қаласында 17 жасар студент қыз 100 мың теңге үшін құрбысын өлтірді

Семей қаласында 17 жасар студент қыз 100 мың теңге үшін құрбысын өлтірдіСемей қаласында 17 жасар студент қыз 100 мың теңге үшін құрбысын өлтірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бірге оқитын құрбысының үйіне жігітімен қонақққа келген колледжде оқитын 17 жастағы студент оңтайлы сәт келгенде дос қызының басын шыны шөлмекпен салып қалады. Одан кейін жігіт байқұс қызды тұншықтыра бастайды. Онысынан түк шықпасын түсінген азамат жәбірленушінің қақ жүрегіне пышақ сұғып алған. Сөйтіп, үй иесінің өліміне көздері жеткесін қыз бен жігіт 100 мың теңгені қымқырып, қашып кетеді.

Көп ұзамай қолға түскен күдіктілер қазір мән-жайды толығымен мәлімдеуде.Студент қыз бұған дейін де ақша бопсалаған деген күдікпен жауапқа тартылса, жігіті кезінде қыз зорлағаны үшін бас бостандығынан айырылған көрінеді. Олар «бұл қылмысқа ақша жетпегендіктен бардық» деп түсіндірген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде