USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Алакөлдің қандай емдік қасиеті бар?

Алакөлдің қандай емдік қасиеті бар?- Өмірде денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ. Биыл Алакөл көлінің жағалауында демалып қайтпақ ойымыз бар. Осыған орай, Алакөлдегі демалыс үйлерінде тынығу-
шыларға қандай жағдай жасалатындығы және көл суының емдік қасиеті жөнінде білгіміз келеді.

Құрманбек Сәбиев.

Өскемен

- Көл жағалауында «Семей-Турист» ЖШС-нің, «Имсталькон» ААҚ-ның, «Әйгерім», «Дәрия», «Толғанай» және басқа да жалпы жиыны 40 демалыс үйі туристерді қабылдайды. Жолаушыларды Өскемендегі автобекеттен Мақаншы бағытындағы автобус Алакөлге жеткізіп салады. Алакөлге дейін 2050 теңге.

Тынығушылар мұндағы демалыс үйлеріне өз қалауы бойынша орналасады. Қызмет көрсететін орындарда тынығушыларға қолайлы жағдайлардың бәрі жасалған. Біздің бөлімдегі деректер бойынша «Әйгерім» демалыс үйі әр дүйсенбі сайын демалушыларды қабылдайды. Жолдама бағасы - үш уақытқы тамағымен, жатар орнымен қосқанда бір адамға күніне 3,5 мың теңге. Демалу мерзімі - жеті күн. Бөлмелері үш және бес орынды. Бес орындысы - екі бөлмелі. Көл жағалауындағы демалыс үйлерінің бәрінде осындай жағдай жасалған.

Көлдің cуы eмдік қасиетімен ертеден белгілі. Көл суының құрамында хлорлы натрий бар. Шипалы судан басқа күкіртті-сутекті балшықтар, минерал тұздар бар. Көлдің суына шомылғанда көңілің өсіп, жансарайың ашылады. Алакөлдің осы қасиеті тері, буын, жүйке, құяң және басқа да көптеген сырқат түріне таптырмайтын шипа, тиімді ем болатыны дәлелденді. Демалушыларды күн сайын автобуспен «Барлық-Арасан» шипажайына апарып, алып қайтады. Мұнда тынығушылардың бос уақытын мәнді өткізу шаралары да ұйымдастырылған.
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
6 комментариев
  1. Айтказина Сымбат
    Мен бул колди билем.... Оте жаксы кол... Мен кишкентай кезимнен барам.. Сиздер барып емделиниздер
  2. Айтказина Сымбат
    Оте жаксы кол.. Жаксы корем...........
  3. Нурсауле
    Иа тамаша кол ,бурын сонды мен сондай колди корген емеспин,Акши ауылында мен болгам оте керемет жер ,таза ауа,Барып корсениздер окинбеисыздер smile
  4. Талшын
    тамаша кол емдик касиеті мол. маган оте унайды
  5. Еркін
    Мен ол көлді корген емеспин бірақ қандай емдік қасиеті бар екені қызықтырады. Менин ойымша онын құрамындағы тұздарға байланысты болу керек
  6. Луиза
    Витилиго тері ауруна суы батпағы көмектесема жауап жазсаңыздар
Біз әлеуметтік желілерде